Павлодар облысында жолдағы жүгенсіз жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл басынан бері облыс жолдарында жылдамдық режимін бұзуға қатысты шамамен 117 мың дерек анықталған.
Мәселен, Павлодар - Астана тасжолында Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі белгіленген жылдамдық режимін (140 шақ/сағ) бұзып, сағатына 179 шақырым жылдамдықпен жүрген.
"Жүргізушіге айыппұл төлеу туралы нұсқау рәсімделді", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада полиция жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова