Атырау облысында 86 жастағы қария із-түссіз жоғалып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ қызметкерлері Жаңаталап ауылында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 1940 жылы туған ер адамды іздестірген.
Ер адам 23 тамызда таңертең үйінен белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен.
"Іздестіру жұмыстарына кинологиялық топ пен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды. Іздестіру нәтижесінде ер адам Жаңаталап ауылынан 2 шақырым қашықтағы ашық жерден табылды", - деп мәлімдеді құтқарушылар.
Министрлік өкілдері төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова