“Достарымен кеткен“. Маңғыстау облысында ер адам із-түссіз жоғалды

“Достарымен кеткен“. Маңғыстау облысында ер адам із-түссіз жоғалды
Фото: lada.kz

Маңғыстауда полиция мен жақындары Ақтөбенің 31 жастағы тумасы Жандарбек Сейілхановты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам 15 тамызда кешке үйінен көлікпен шығып кеткен, содан бері оралмаған, ұялы телефоны сөндірулі.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, Сейілханов Жандарбек Бекбергенұлы (1995 жылы туған) Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы үйінен сағат 17:00-18:00 шамасында Toyota Camry көлігімен шығып кеткен.

Жоғалған адамның туыстарының айтуынша, ол достарымен қыдырып, үйге оралуды жоспарлаған. Содан бері оның қайда екені туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Жандарбек Сейілхановтың бойы 170-175 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі қою қоңыр, қара, шашы қара, қысқа. Үйден шыққан кезде ақ жолақты футболка, қоңыр шалбар және қара спорттық аяқ киім киген.

Полиция мен жоғалған адамның туыстары Жандарбек Сейілхановтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін жандардан мына телефон нөмірлеріне шұғыл хабарласуды сұрады: 102, +7 (7292) 46-50-02, +7 (702) 814-13-00, +7 (707) 590-67-00.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget