Алматы облысында 77 жастағы қария із-түcсіз жоғалып кеткен

Алматы облысында 77 жастағы қария із-түcсіз жоғалып кеткен
Фото: "КТК"

Алматы облысында 77 жастағы қария із-түcсіз жоғалып кеткен. Сабыр Медеевті жақындары екі айдан бері іздеп жатыр. Бірақ ол туралы ешбір хабар жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

77 жастағы қария 15 маусымда Мұхамеджан Түймебаев ауылындағы баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Түскі уақытта жұмыстан оралған ұлы есік ашық тұрғанын, ал әкесі үйде жоқ екенін көріп, жан-жақтан іздеуге кіріседі.

Жақын маңдағы үйлердің бейнебақылау камералары да тексерілген. Алайда қария олардың ешқайсына түспеген.

Туыстарының айтуынша, оның есте сақтау қабілеті нашар. Сондықтан бағытынан жаңылып, қайда жүргенін білмеуі мүмкін. Олар қарияны маусымнан бері жан-жақтан іздеп жатыр. Қазір бұл жұмысқа полицейлер мен еріктілер де кіріскен.

"Іздеудегі азаматтың белгілері көрсетілген бағдарламалар полицияның барлық аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ, көршілес облыстардың Полиция департаменттеріне жолданды. Іздестіру жалғасып жатыр", - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сәйділдин.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget