Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
11 тамызда сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.
"Жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жолдағы жылдамдық режимін сақтауды және жол белгілерін сақтауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.
Сурет: Алматы әкімдігі
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова