Астанада баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

Астанада баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен
Фото: depositphotos.com

Қазақстан футбол федерациясы өкілдері 10 тамызда Астанадағы футбол алаңында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша жаттығу кезінде футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазір оған көмек көрсетіліп жатыр. 

"ҚФФ балаға және оның отбасына қолдау білдіреді. Оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген", - деп жазылған хабарламада.

Қазір ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеріс жүргізіп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget