Астанада жолдар жабылады

Астанада жолдар жабылады
Фото: depositphotos.com

Астанада 9 тамызда бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Себебі жаппай спорттық іс-шара өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сағат 7:00-ден 8:05-ке дейін Түркістан көшесіндегі Abu Dhabi Plaza ғимаратына қарай бағытталған бір жолақ ішінара жабылады.

Ал 7:00-ден 7:40-қа дейін Ұлы Дала даңғылында қозғалыс толық шектеледі.

Бұдан бөлек, сағат 7:10-нан 9:15-ке дейін Ақмешіт көшесінде мәре сызығы орналасқан Экспо алаңына қарай бағытталған бір жолақ жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағытын алдын ала жоспарлап, сапар кезінде уақытша шектеуді ескеру ұсынылды.

Айта кетейік, бұдан бөлек, 20 шілдеден бастап 2026 жылдың аяғына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget