Шалқардың бұрынғы әкім ақталып шығу үшін алаяққа 4 миллион теңге берген

Шалқардың бұрынғы әкім ақталып шығу үшін алаяққа 4 миллион теңге берген
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында бұрын төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Шалқар қаласының экс-әкімі алаяқтың құрбаны болды. Ол сот үкімімен келіспей, өзіне көмектесе алатын адамдарды іздеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.

Бұрынғы шенеуніктің туысы оған заңгерлік көмек көрсете алатынын айтқан С. есімді әйелді ұсынған. Экс-әкім әкесімен бірге оның үйіне барып, сол жерде әйел ақтау үкімін шығартуға көмектесетінін айтып, қызметі үшін 8 миллион теңге сұраған. Ер адам оған соманың жартысын берген. Бір аптадан кейін әйел мәселе шешіліп жатқанын, ақтау үкімі шыққан соң қалған ақшаны төлеу керегін айтқан.

"Алайда мәселе шешілмеді, ер адам ақталған жоқ. Бір қызығы, бұрынғы әкім әйелмен ешқандай келісімшарт жасамаған және ақшаны түбіртексіз берген. Ал әйелдің өзі 4 миллион теңгені қарызға алдым деп сендірген", - делінген жарияланымда.

Өзін "адвокат" ретінде таныстырған әйелге қатысты қылмыстық істе пәтерге байланысты алаяқтық деректері де болған. Бұл істе ол сыбайласымен бірге әрекет еткен. Сыбайласы адамдарға ақшаға кейін сатып алу құқығы бар мемлекеттік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекке қоюға көмектесеміз деп уәде берген. Елордадағы тұрғын үй кешендерінен бір екі бөлмелі және үш үш бөлмелі пәтер алып береміз деген сөзге сенген жәбірленушілердің бірі алаяқтарға 47 миллион теңге берген.

Нәтижесінде сот айыптау үкімін шығарды. 54 жастағы С. алты жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Оның сыбайласы да дәл сондай жаза алды, алайда кішкентай баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі үш жылға кейінге шегерілді. Сот оларды жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget