Алматыда заңсыз салынған қосымша құрылыс сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайындағы қосалқы салынған нысанды сүру жұмыстары басталғанын айтты.
Жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесі нысанды рұқсатсыз салғаны анықталған.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқау берілген. Кейін материалдар сотқа жолданған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысына сәйкес иесі бұл қосалқы құрылысты бұзуы керек.
Бүгін сот орындаушылармен бірге нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова