Көлсайда 16 жастағы жасөспірімді жылан шағып алды

Көлсайда 16 жастағы жасөспірімді жылан шағып алды
Фото: Видео кадры

Алматы облысындағы Көлсай көлдерінің аумағында 16 жастағы бойжеткенді жылан шағып алды. Зардап шеккенге құтқарушылардың көмегі қажет болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-нің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жедел құтқару жасағының қызметкерлері әмбебап құтқару бекетінде жасөспірімге бірден алғашқы көмек көрсетті. Кейін ол қызметтік көлікпен медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ жылдың жылы мезгілінде жыландар ерекше белсенді болатынын ескертті.

"Табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, белгіленген бағыттардан шықпаңыз, демалатын орынды мұқият тексеріңіз және жыландарға жақындамай, оларды ұстамаңыз", - деп ведомство сақтық шараларын еске салды.

Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну және болған оқиға туралы 112 нөміріне хабарлау қажет.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget