Алматыда Шымбұлаққа баратын жол ішінара жабылады

Алматыда Шымбұлаққа баратын жол ішінара жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Медеу мен Шымбұлақ арасындағы инженерлік инфрақұрылым жаңартылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоба аясында ұзындығы 5,7 шақырым болатын орта қысымды газ құбыры мен 2,7 шақырым кәріз желісін салу көзделген. Бұл жоба осы бағыт бойында орналасқан нысандарды, соның ішінде Шымбұлақ тау шаңғысы курорты аумағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір мердігер ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріскен. Газ құбырының алғашқы учаскелерін орнату, кәріз желілерін тарту және темірбетон құдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инженерлік желілердің құрылысын 2026 жылы қарашаның аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

"Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезде жолдың кей бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіліп, арнайы техникалар жұмыс істеуі мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget