Ақтөбеде 800 грамм болып туған сәби қырқынан шықты

Ақтөбеде 800 грамм болып туған сәби қырқынан шықты
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде салмағы небәрі 800 грамм болып туған сәби ауруханада қырқынан шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер шала туған бөбек қатарымен бірге өсуін тілеп, қырық қасық су құйған сайын тілектерін тіледі.

Әлмира есімді нәресте жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Содан бері бөбек облыстық перинаталдық орталықтың қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде оның жағдайы жақсарып, салмағы 1200 грамға жеткен. Қазір сәби жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Мамандар жақын күндері оны аппараттан ажыратып, шала туған нәрестелерге арналған бөлімшеге ауыстыруды жоспарлап отыр. Дәстүрді ескерген медицина қызметкерлері Әлмираға қырқынан шығару рәсімін жасап берген. Мамандар сәбидің тырнағын, қарын шашын алған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget