Алматыда сөмкесіне граната салып алған ер адам қолға түсті

Алматыда сөмкесіне граната салып алған ер адам қолға түсті
Фото: depositphotos.com

Алматыда Райымбек даңғылының бойында полицейлер әрекеті күдік тудырған ер адамды ұстады. Оның сөмкесінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен саперлер шақырылды. Тексеру барысында гранатаның оқу-жаттығу құралы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды.

"Ұсталған ер адамның айтуынша, ол заттарды тауып алған, ал пышақты тұрмыстық қажеттіліктер үшін ұстап жүрген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр", - деп хабарлады полициядан.

Сондай-ақ, ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Алматы полициясы азаматтарды қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүрмеуге және қару-жарақ немесе оқ-дәріге ұқсас заттарды тауып алған жағдайда туралы дереу 102 нөміріне хабарлауға шақырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget