Павлодар облысында бала көтеріп тұрған әйелді ГАЗель қағып кеткен

Павлодар облысында бала көтеріп тұрған әйелді ГАЗель қағып кеткен
Фото: Видео кадры

Екібастұзда артқа қарай жүріп келе жатқан ГАЗель көлігі бала көтеріп тұрған әйелді қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 24 мамырда болған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша ГАЗель көлігінің жүргізушісі артқа маневр жасау кезінде бала көтеріп тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен", - деді полиция.

Ведомствоның ақпараты бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция бала зардап шекпегенін нақтылады.

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен адам - 27 жастағы әйел.

"1999 жылы туған науқас көптеген жарақат алған. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақталғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр. Барлық көмек көрсетіліп жатыр", - деді дәрігерлер.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget