Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласында есірткіні заңсыз сақтау дерегі анықталды. Тексеріс нәтижесінде күдіктіден жалпы салмағы 4 келіден асатын гашиш есірткісі тәркіленді.
"Бұл дерекке қатысты есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова