«Қайрат» клубында жаңа бас бапкер тағайындалды

«Қайрат» клубында жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: instagram.com/afckairat

 «Қайрат» командасының бас бапкері қызметіне Густаво Парадеда тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа бапкермен келісімшарт үш жылға жасалады.

Айта кетейік, Густаво Парадеда 2004-2009 жылдар аралығында «Қайраттың» қақпасын қорғаған. Сол кезеңде ол командамен бірге футзалдан УЕФА кубогының қола жүлдегері атанып, клуб тарихындағы алғашқы еуропалық марапаттарға қол жеткізген.

Кейінгі жылдары Парадеда клуб құрылымында негізгі команда мен академияның спорт директоры қызметін атқарды. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында «Қайратты» тізгіндеген ол команданы Қазақстан чемпиондығына жеткізді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget