“Оқуға ешқашан кеш емес“. Қостанай облысында ер адам 57 жасында мектеп бітірді

 “Оқуға ешқашан кеш емес“. Қостанай облысында ер адам 57 жасында мектеп бітірді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысындағы №38 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан 1969 жылы туған ер адам орта мектепті аяқтап, аттестат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жыл 6 айға сотталған. Оның айтуынша, бала кезінде отбасына көмектесу үшін еңбекке ерте араласып, мектепті толық тәмамдай алмаған.

Жазасын өтеу кезінде ол білімін жалғастыруды ұйғарып, қайта мектеп партасына отырған. Сабақтарға тұрақты қатысып, үй тапсырмаларын орындап, оқуын сәтті аяқтаған.

"Оқуға ешқашан кеш емес. 57 жасымда білім тек жұмысқа емес, адамның өзіне де қажет екенін түсіндім. Бұл жерден басқа адам болып шыққым келеді", - дейді ол.

Мекеме қызметкерлерінің сөзінше, мұндай оқиғалар басқа сотталғандарға да оң әсер етіп, өзін дамытуға ынталандырады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget