Шығын миллиондаған теңге: Павлодар облысында өнеркәсіп аумағында ұрлық жасаған топ ұсталды

Шығын миллиондаған теңге: Павлодар облысында өнеркәсіп аумағында ұрлық жасаған топ ұсталды
Фото: ІІМ

Павлодар облысында өнеркәсіп аумағынан ұрлық жасады деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақсу қаласында түсті металл ұрлады деген күдікке ілінген 3 адамнан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды.

"Тергеу мәліметінше, күдіктілер алдын ала жоспар құрып, түнде өнеркәсіп нысаны аумағынан түсті металл ұрлаған. Ұрланған мүлікті тасымалдау үшін көлік пайдаланылған. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгеден асады", - деді ІІМ өкілі.

Жедел іздестіру іс-шаралары бір мезетте бірнеше мекенжайда жүргізілген. Тінту барысында байланыс құралдары мен қылмыс жасау кезінде пайдаланылды деген күдікпен көлік тәркіленген. Сонымен қатар, ұрланған мүлікті өткізген орын анықталған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget