Шығыс Қазақстан облысындағы "Востокцветмет" ЖШС-нің Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Altainews.kz-ке сільеме жасап.
Қайғылы оқиға сенбіде, 9 мамырда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктен құлап, ауыр жарақаттар алған.
"Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына барлық қажет көмек көрсетіледі", - деп хабарлады KAZ Minerals компаниясынан.
2024 жылғы 31 тамызда "Востокцветмет" ЖШС-нің "Ертіс" шахтасында төрт адам белгісіз заттан уланып, көз жұмған еді. Сол кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі топтық жазатайым оқиғаға қатысты арнайы тергеу тағайындады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz