Астананың мешіттерінің бірінде қымбат бренд күрте ұрланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында белгісіз адам мешітке келіп, дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімінің арасынан Moncler брендінің әйелдерге арналған қара күртешесін ұрлап кеткені анықталған. Келтірілген материалдық шығын құны - 1 млн теңге.
"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова