Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24 сәуірде Алматы - Өскемен - Ресей Федерациясы шекарасы тасжолының 1139-шақырымында, Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылы маңында Mazda және JAC көліктері жол апатына ұшыраған.
"Жол апаты салдарынан Mazda көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. JAC көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оқиға орнында тергеу жүргізіліп, барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова