Шымкентте тойдағы кортеж жауапкершілікке тартылумен аяқталды

Шымкентте тойдағы кортеж жауапкершілікке тартылумен аяқталды
Фото: ІІМ

Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері бағытта қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы өзгелерге қауіп төндірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriAuto (@tengriautokz)

"Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, құқықбұзушылық тоқтатылды. Жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. 12 көлік айыптұраққа қойылды. Екі адамға әкімшілік қамау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция жолда мұндай қауіпті әрекеттерге жол берілмейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі анықталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget