Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты іс әлі күнге дейін сотқа жетпеген. Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамит әлеуметтік желіде тағы да үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қамкөңіл ананың айтуынша, іс созбалаңға салынғанына бір жылдан асқан.
"Бір жыл тоғыз ай (628 күн). Ақнәр ісі не үшін кабинеттен кабинетке көшіп жүр? Бұл істің созылуы, бұрмалауға салынуы жүйелі мәселе ме әлде жеке жауапсыздық па? 628 күн ішінде тергеу қандай нақты нәтижеге жетті? Қай орган істің созылуына жауапты? Неге осы уақытқа дейін кінәлілер бостандықта жүр?" - деп сұрады ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақнәр Хамиттің ісі
Еске салайық, 2024 жылы шілдеде Ақнәр Хамит көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттан көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Бұған дейін істі ҰҚК тергеп жатқаны айтылды.
Сонымен қатар, Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамит әділдік іздеп жүргенін айтып, бірнеше мәрте үндеу жасады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова