Алматыда дәмхананың заңсыз салынған қосалқы нысаны сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала құрылысын бақылау басқармасы Дүйсенов көшесінде орналасқан дәмхананың қосалқы нысаны сүріліп жатқанын мәлімдеді. Сот шешімімен бұл нысан заңсыз деп танылған.

"Бұған дейін меншік иесіне жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, қорытындысы бойынша іс материалдары Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Соның негізінде әкімшілік шаралар қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Сот қаулысына сәйкес меншік иесі дәмханаға заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қалалық сотының 8 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова