Италияға туристік сапарға жұмсалған: Астанадағы емханада бюджет қаржысы қолды болған

Италияға туристік сапарға жұмсалған: Астанадағы емханада бюджет қаржысы қолды болған
Фото: depositphotos.com

Елорда прокуратурасы қалалық емханада бюджет қаражатын жымқыру схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Тексеріс барысында медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз қолды ету схемасын ұйымдастырғаны анықталған.

Қаражат олардың жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шотына аударылып, заңды операциялар ретінде бүркемеленген.

Келген шығын көлемі

"Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ, Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған", - деп жазылған Астана прокуратурасының хабарламасында.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асқан. Бұл дерекке қатысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget