"Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 5, 6 және 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана
5 сәуірде синоптиктер күн құбылмалы болады деп болжайды, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Температура түнде 7-9, күндіз 13-15 градус жылы болады.
6 сәуірде күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Температура түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.
7 сәуірде күн құбылмалы болады деп күтіледі, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Температура түнде 3-5, күндіз 19-21 градус жылы болады.
Алматы
5 сәуірде күн құбылмалы болады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Температура түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.
6 сәуірде күн құбылмалы болады деп күтіледі, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Температура түнде 13-15, күндіз термометр бағаны 24-26 градусқа дейін көтеріледі.
7 сәуірде синоптиктер күн құбылмалы болады деп болжайды, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Температура түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Шымкент
5 сәуірде Шымкентте күн құбылмалы болады деп күтіледі, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Температура түнде 10-12, күндіз термометр бағаны 20-22 градусқа дейін көтеріледі.
6 сәуірде синоптиктер ауа райы құбылмалы болады деп болжайды, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Температура түнде 11-13, күндіз 26-28 градус жылы болады.
7 сәуірде күн құбылмалы болуы мүмкін, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Температура түнде 11-13, күндіз 17-19 градус жылы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz