26 наурызда Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал "Көктал" сауда орталығында болған. Бір топ жасөспірім төбелес шығарып, шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана қалалық полиция департаменті жанжал шығарғандардың жеке басы анықталғанын хабарлады.
"Барлығы, олардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Сондай-ақ, полиция ата-аналарға балалар тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, олардың бос уақытын бақылап, қоғамдық орындардағы тәртіп нормаларын түсіндіріп отыру қажет екенін еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz