Жасөспірім биіктен секіріп, орталықтың шатырын тесіп өтті - видео

Жасөспірім биіктен секіріп, орталықтың шатырын тесіп өтті - видео
Фото: Видео кадры

Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жасөспірім сым арқылы биікке көтеріліп, кейін секіріп, кіреберістің шатырын тесіп өткен. Оқиға видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Құлаған кезде 14 жастағы жасөспірім жеңіл жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін ол үйіне жіберілді.

Атырау облысының полиция департаменті өкілдері жасөспірімнің орталықта ересектердің қарауынсыз жүргенін хабарлады. Оның ата-анасы баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, уәкілетті органдарға оқиға болған сауда-ойын-сауық орталығындағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру туралы нұсқама берілді.

Видеода бейәдеп сөздер бар!

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget