Қарағанды облысында қарт кісілерді алдаумен айналысқан топ әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілердің негізгі нысанасы Қарағанды қаласының егде жастағы тұрғындары болған.
"Күдіктілер зейнеткерлерді түрлі айла-тәсіл арқылы алдап, жинаған қаражатын иемденіп отырған. Олардың кемінде 9 қылмысқа қатысы бары анықталды. Зардап шеккендердің жасы 75-тен асқан. Келтірілген материалдық шығын көлемі 320 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін жетеді", - деді полиция.
Бұл деректер бойынша қылмыстық істер қозғалған. Қазір полиция ұсталғандардың бұған дейін жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова