Екі өңірде пойыз бен жеңіл көлік соқтығыса жаздады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші жағдай кеше сағат 06:26-да Тараз-Шу учаскесінде тіркелген.
"Ақшолақ-Үшбұлақ аралығындағы теміржол өткелінде электровоз машинисі Chevrolet Cobalt көлігіне соқтығыспас үшін пойызды шұғыл тежеген. Салдарынан пойыз 22 минутқа кешіккен", - деп жазылған хабарламада.
Бұл ақпарат Тараз қаласының жол полициясына жіберілген.
"Екінші оқиға кеше сағат 15:35-те Арыс-Түлкібас учаскесінде болған. Шымкент-Қызылсай аралығында cағатына 51 шақырым жылдамдықпен келе жатқан №2230 пойыз машинисі жеңіл көлік жолға шығуына байланысты пойызды шұғыл тежеген. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Пойыз 16 минутқа кешіккен", - деп жазылған хабарламада.
Екі дерек бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова