“Күйеуі күдікке ілінді“. Атырау облысында зейнеткер әйел өлі табылды

“Күйеуі күдікке ілінді“. Атырау облысында зейнеткер әйел өлі табылды
Фото: Видео кадры

Атырау облысына қарасты Доссор ауылында сарайдан 70 жастағы зейнеткер өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, қанды қылмысқа оның күйеуі күдікті деп танылған. Марқұм бір айдан бері туыстарымен байланысқа шықпаған. Жақындары дабыл қағып, оның жоғалғаны туралы полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары арыз бойынша зейнеткердің тұрғылықты мекенжайына дереу барып, үйі мен оған іргелес аумақты қарап шыққан.

Тексеру кезінде тұрғын үйдің сарайынан әйелдің мәйіті табылған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу басталды. Ерлі-зайыпты осыдан бірнеше жыл бұрын Оралдан Мақат ауданына қоныс аударғаны белгілі болды.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық іс қозғалды. 64 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның бар мәнжайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Атырау облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсот.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget