Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты

Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты
Фото: Видео кадры

Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында кәмелетке толмаған жасөспірім түнгі ойын-сауық мекемесінде болғаны, сондай-ақ, оның құқыққа қайшы әрекеттерге тартылғаны расталған.

Бұл дерек бойынша құжаттар мен дәлелдер жинақталып, соның негізінде қатаң шаралар қабылданған. 

"Кәсіп иесі заң талаптарын елемей, балалардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, мұндай нысанның қызметі тоқтатылады", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget