Ресми: Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді

Ресми: Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин, Азия Олимпиада кеңесінің басшысы шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.

Ресми рәсімге Азия Олимпиада кеңесінің басшылығы, Азия елдері Ұлттық Олимпиада комитеттерінің өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де ірі жарыстарды сәтті өткізген. 2011 жылы елде қысқы Азия ойындары ұйымдастырылса, 2017 жылы Алматыда Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget