Астанада тұтас бір аудан секілді энергия "жеген" ферма әшкере болды. Сот үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
Астанада 2022 жылдан 2024 жылғы мамырға дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш адамға қатысты айыптау үкімі шықты.
"Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады. Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Сот шешімі
Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салды.
Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден аса мүлік, яғни 2 көлік (Toyota Camry, Nissan Juke) және майнинг жабдықтары тәркіленді. Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.
Үкім заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова