• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыдағы сауда орталығы маңынан өрт шықты (видео)

Фото: Видео кадры

Алматыда куәгерлер Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығының маңындағы қара түтінді видеоға түсіріп алған. Алдын ала ақпарат бойынша Самғау шағынауданында қойма жанып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, сағат 14.48-де өртсөндірушілер оқиға орнына жіберілген.

"Штаб жұмысы жұмылдырылды, бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылды", - деді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget