Ақтаудағы "Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы" атты ауқымды іс-шара кезінде бірнеше адам медициналық көмекке мұқтаж болды, бұл концертке қала жағалауында 100 мыңнан аса көрермен жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы мәліметінше, мереке кезінде жедел жәрдем қызметкерлері 41 адамға көмектескен.
"Көбіне естен тану, бірақ бір пышақ жарақаты, бір инсульт және бір жүрек соғысының нашарлауы диагнозы болды. Қызметкерлер алдын ала диагноз қойып, науқастар ауруханаға жіберілді", - деді дәрігерлер.
Медициналық мекемедегі тексерістен кейін пышақ жарақаты кесіп алған жарақат болып шыққан, зардап шеккен адамға көмек көрсетіліп, амбулаторлық емге үйіне жіберілген. Алдын ала инсульт диагнозы қойылған науқасқа да нейроциркуляторлы дистония диагнозы қойылыпты. Ол да сараптамадан кейін үйіне жіберілген.
Айта кетейік, Ақтауда 5 сәуірде "Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы" атты ауқымды іс-шара өтті. Гала-концерттің басты қонақтарының бірі әнші Димаш Құдайберген болды.
Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды іс-шараға келгендер саны 100 мыңға жуық адамға жеткен. Көрермендер 14-тен 15-шағынауданға дейінгі барлық жағалауды толтырған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова