- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Фото:
polisia.kz
Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады, ол жол қозғалысының басқа қатысушысына сигналдық тапаншамен қауіп төндірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жанжал жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан болған.
Жүргізушілердің бірі қаруды алып, келесі жүргізушіге кезеп, қауіп төндірген. Жәбірленуші бұл туралы полицияға хабарлады. Жүргізуші мас күйде болып, жасырынуға тырысқан.
Полиция қызметкерлері Орал қаласының Зашаған кентінде күдіктінің көлігін қуып жетіп, тез арада тоқтатты. Көліктен сигналдық қару табылды.
Жүргізушіге қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды және бірнеше бап бойынша әкімшілік өндіріс бастады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан