- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысы
Абай облысындағы қыстаудан бір жасар науқас бала эвакуацияланды
Фото:
ҚР ТЖМ
Абай облысында бір жасар науқас сәби қыстауынан дәрігерлерге жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Абай облысы Аягөз қалалық өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне 2023 жылы туылған науқас баланы қыстаудан жеткізуге көмек қажет екендігі туралы хабарлама түсті", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар фельдшермен бірге науқасқа жетіп, оны тексеріп, баланы және оның ата-анасын Алматы-Өскемен тасжолына эвакуациялаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин