Алматыда магистратура мен докторантураға түсіріп беремін деген алаяқ ұсталды

Алматыда магистратура мен докторантураға түсіріп беремін деген алаяқ ұсталды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Алматыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланың Бостандық ауданының полицейлері, алаяқтық әрекетін жасап, сенгіш азаматтардың ақшасын иемденіп кеткен 23 жастағы әйелді ұстады.

"Бірқатар университеттердің докторантурасы мен магистратурасына түсіруде өзін "маман" ретінде ұсынған күдікті әлеуметтік желіде тиімдірек шарттармен ғылыми дәреже алуға көмектесетіні туралы хабарландыру жариялаған. Бір "клиенттен" 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін сыйақы алғаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде оның қатысуымен 7 алдау дерегі тіркелді. Күдікті қамауға алынды", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Полицейлер күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккендерді Бостандық аудандық полиция бөліміне немесе мына телефондар арқылы хабарласуға шақырады: 8-747-909-65-45; 8-775-766-77-00 және 8-701-233-47-90.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина