Семейде көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды

Семейде көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Семей қаласында 77 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша Volkswagen Vento маркалы автокөлік жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 77 жастағы кейуананы қағып кеткен.

Жедел жәрдем келгенге дейін жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина