Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды

Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz, depositphotos.com

Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды. Полицияға Бостандық ауданының тұрғыны хабарласып, жоғары қабаттағы пәтер жалдаушылардың үстінен шағымданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адамның айтуынша, көршілер қарапайым санитарлық нормалар мен тәртіпті сақтамайды.

Кейде олардың самалдығынан темекі тұқылдары ғана емес, тұрмыстық қоқыс та ұшып кетеді.

"Мен учаскелік инспекторымыз Елдар Малғажыға көмек сұрап жүгіндім. Ол біздің мәселеге ерекше көңіл бөлді. Полицейлер құқықбұзушыларға тез арада шара қолданды. Қазір бізде қауіпсіз және тыныш. Алғысымызды білдіреміз", - деді Алматы тұрғыны Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне.

Пәтер жалдаушылар жауапкершілікке тартылып, көршілерінің тыныштығын бұзбауға уәде берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина