- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маңызды екенін үнемі...
"Маңызды екенін үнемі дәлелдегісі келеді". Нумеролог Жахан мен Балжанның қатынасына талдау жасады
Желіде нумерологтың актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаштың қатынасына талдау жасаған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нумерологтың айтуынша, Жахан өзіне де, әйеліне де талапты тым жоғары қояды.
"Жахан ұсақ-түйек нәрсеге назар аударады, әрі беймаза. Күліп тұрып, мың ескерту жасайды, барлығын егжей-тегжей байқайды, әр нәрсені қалай "жақсы" істеудің жолын біледі. Асыра сілтеп жатырмын, бірақ, шамамен, боялған тырнақтың түсі дұрыс таңдалмаған, далабы тым көзге түседі, киімі көз тартады, тағамға тұз салмаған сынды ескертулер жасайды", - деп жазған нумеролог.
Оның айтуынша, Жахан ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін біледі. Бірақ мұның бәрі ақыл арқылы, эмоция арқылы сезінбейді, себебі оның эмпатиясы жоқ.
"Оның мінезі барлығын толықтырып тұр. Негізінен ол өте жұмсақ, оны өзі де сезеді, бірақ мұны басқалары түсініп қоюы мүмкін деп қорқады. Сондықтан ол өзінің маңызды екенін үнемі дәлелдегісі келеді, "Мұнда еркек - мен, бітті" дегендей", - деп жазған ол.
Нумеролог Жаханның сөзі мен ісі сәйкес келмейтінін айтады. Оның айтуынша, ол байсалды нәрселерді айтқанымен, бәрін әзіл ретінде жеткізеді. Оған себеп - сананың жетілмеуі, ақымақ іс-әрекеттер әрі анасына тым жақын екені.
"Негізінен ол - барлық эмоцияны ішінде сақтайтын адам. Бірақ күлу керек болса, қол алу керек болса, ол бәрін істейді. Сондай-ақ, халықтың қабылдауын да. Егер ол оның кассасына кері әсерін тигізсе, ол жағдайды өзгертуге тырысады, себебі кез келген жоғалтқан нәрсесі - триггер", - дейді нумеролог.
Желі қолданушылары нумерологтың бұл талдауымен келісіп, түрлі пікір қалдырған.
"Көз қарасы да қорқынышты ғой", "Бір-біріне сәйкес келмейді", "Өтірік күлетін сияқты", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек