Ультракүлгін сәулелену көру қабілетіне теріс әсер етеді. Маникюр жасауға арналған шам мен тіске пломба салуға арналған құрылғы торлы қабықтың күйіне теріс әсер етіп, көру қабілетінің нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы офтальмолог Наталия Боша ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru" сілтеме жасап.
"Ультракүлгін сәулеленуді қолданатын барлық құрылғы торлы қабықты қайтымсыз өзгертеді. Стоматолог кеңсесінде фотополимерлі пломбаларды сәулелендіру үшін қолданылатын шамға, ал косметологиялық салонда-маникюр жасауға арналған шамға тіке қарауға болмайды. Қоғамдық орындарда, медициналық мекемелерде және үйде қолдануға арналған кварцтау шамдары да осындай қауіп төндіреді", - деді Наталия Боша.
Көзді ультракүлгін сәулеленуден қорғау үшін күн мен ультракүлгін сәуле шығаратын басқа құрылғыларға қарамаған дұрыс. Сондай-ақ, шуақты күндерде күннен қорғайтын көзілдірік кию керек.
Сонымен қатар, офтальмологтың айтуынша, күннің тұтылуын бақылау көру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.
"Бұл таңғалдыратын табиғи құбылысқа көз жүгіртіп қараудың өзі макуланың-тордың орталық бөлігін күйдіріп, көру қабілетін төмендетеді. Егер сәуле көзге бағытталса, лазерлік көрсеткіштер де осындай қайғылы салдарға әкеп соқтырады", - деп ескертті маман.
Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл қандай жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бар?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!