“Маңғыстаумұнайгаздың“ бас директоры қызметінен кетті

"Маңғыстаумұнайгаздың" бас директоры Мұрат Мұстафаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Мұнай және газ кеңесінің Telegram-арнасының мәліметінше, Қытай тарапымен басшының ротациясына байланысты Мұрат Мұстафаев "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры қызметінен кетті.

Ол 2023 жылғы ақпаннан бері компанияның бас директоры қызметін атқарған еді. 

Мұрат Мұстафаев - 1991 жылы "Қазводмелиорация" мемлекеттік концернінің Қызылорда политехникумының "Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу" факультетін, сондай-ақ 1996 жылы ҚазҰТУ-ды бітірген.

Еңбек жолын "Оңтүстікмұнайгаз" АҚ/"Құмкөл Мұнай" Дауылы" АҚ мұнай және газ өндіру бойынша 2 санатты оператор болып бастады.

Осы жылдар ішінде 2-санатты оператор, "Құмкөл Мұнай" АҚ бригадасының аға операторы, Қуат Амлон Мұнай бірлескен кәсіпорнының бас кеңсесінің геологы, жетекші геолог, игеру бөлімінің бастығы және "Торғай-Петролеум" ЖАҚ геология және даму дирекциясының бас геологы (2003-2012).

2012-2015 жылдары "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ бас геологы, бас директордың кеңесшісі, геология және даму жөніндегі басқарушы директор, геологиялық барлау жөніндегі басқарушы директор болды.

2016-2018 жылдары "ҚазНИПИмұнайгаз" ЖШС бас директоры, 2018-2021 жылдары "Қазгермұнай" БК" ЖШС бас директоры болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!