“Маңғыстаумұнайгаз“ АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды

“Маңғыстаумұнайгаз“ АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на 32 млрд айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметінен өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.

"Компания ағын суды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдығын жинауға байланысты заңбұзушылықтар жіберген", - деп жазылған хабарламада.

Соттың 2024 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен компания Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапқа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға лас заттар шамадан тыс шығарылғаны да анықталды.

Бұл дерек бойынша компания қосымша әкімшілік жауапқа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова