Жасау қалыңмал мөлшерімен бірдей болады, кейде одан да асып түседі. Жасау ұзатылатын қызға беріледі. Қазақстанның кей өңірлерінде жасауға күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдардан бастап, киім-кешекке дейін қосып береді. Желіде осындай қыз жасауына көлік қосып берген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видео Instagram-дағы kazaktin_sulu_kelindery парақшасында жарияланған. Көліктің цифрлық коды 12 екенін байқауға болады. Ал бұл Маңғыстау облысының нөмірі.
"Сіздің де келініңіздің артынан осындай көлік келсін", - делінген видеода.
Пікір білдірушілердің бірі бұл Маңғыстауда болғанын жазса, енді бірі жалғыз қыз болған шығар деп топшылаған:
"Жалғыз қыз болған соң берген ғой", "Маңғыстау", "Ой, бөспе қазақтар-ай", - деп жазған Желідегілер.
Айта кетейік, қазақ салтында қыз жасауын беру ата-ананың борышы саналады. Жасауды дайындауға ағайын-туыс, көршілер де өз үлесін қосатын болған.