Маңғыстаулық тұрғыннан 1,6 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, Маңғыстау облысының тұрғыны өзін қорқытып, ақша талап етіп, бопсалаумен айналысып жүрген ер адамға қатысты полицияға арызбен жүгінді. Ол жәбірленушіден 1 600 000 теңге көлемінде қаражат талап еткен.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Тінту жүргізу барысында күдіктінің заңсыз әрекеттерін растайтын 200 000 теңге ақшалай қаражат тәркіленіп алынды.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!