- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстаулық мұғалімдер Роза...
Маңғыстаулық мұғалімдер Роза Рымбаеваның концертіне байланысты директорды жұмыстан шығаруды талап етті
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №10 орта мектептің бір топ мұғалімі мектеп директоры Күмісай Абдықадырованың жұмыстан кетуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, директор жұмыста лауазымдық билігін асыра отырып, қысым көрсетеді. Сонымен қатар, мұғалімдер оқу орнының директорын өңірге келген әртістердің концерттеріне билет сатып алуға мәжбүрлейді деп айыптады. Мұғалімдер мұның бәрі сыбайлас жемқорлық екенін айтып, басшылықты жұмыстан шығаруды талап етіп отыр.
Ұстаздар бейнеүндеуін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен оқу-ағарту министріне жолдады.
Мектеп директоры өзіне қатысты айыптарды жоққа шығарады. Ол мұғалімдерге баруды ұсынған жалғыз концерт халық әртісі Роза Рымбаеваның концерті болғанын және бұл тегін өткізілгенін айтты.
"№57 бұйрықпен конкурс бойынша Мұнайлы ауданы Батыр ауылының №10 мектебінің директоры болып тағайындалдым. Тағайындалған күннен бастап өз міндеттерімді адал атқарамын. Мұғалімдердің құжаттарын тексеру кезінде орта арнайы білімі бар мұғалімдер жоғары білім деңгейіне сәйкес жалақы алатынын білдім. Билеттерге келетін болсақ, Наурыз қарсаңында ауданымызға Роза Рымбаева келді. Мен мұғалімдерден сол жерге баруын өтіндім, бірақ бұл тегін шара болды. Оларды ешкім күштеп апарған жоқ. Оларға ешқандай қысым жасамаймын. Барлығы норма мен заңға сәйкес. Керісінше олар маған жұмысты істеуге кедергі келтіреді", - деді мектеп директоры Күмісай Қансұлтанқызы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова