Мемлекеттік деңгейдегі мәселеге қатысты маңызды шешімді Маңғыстау «моржы» да қабылдады. Сақылдаған сары аязда айдынға сүңгуді дағдыға айналдырған Тоқтамұрат Тілеуов елдің тағдыршешті таңдауынан тыс қалмады.
Референдум күні теңізге құлаш сермеп, бой сергіткен Тоқтамұрат Тілеу тікелей сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Салауатты өмір салтын ұстанатын маңғыстаулық ел ертеңі мен ұлт келбетін айқындауға атсалысу азаматтық борышы деп біледі.
"Мен мемлекет келешегі үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл кезең белді бекем буып, батыл шешім жасап, жарқын болашаққа бет алатын кезең", – деді маңғыстаулық морж.
Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!