- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауға барыс оралды...
Маңғыстауға барыс оралды
Маңғыстауға барыс оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
2015 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданында барыстың қақпанға түсіп қалғаны туралы суретімен расталған ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тараған болатын. Бұл мәлімет қоғам арасында ұзақ талқыланды әрі үлкен қызығушылық туғызды, себебі сол кезде жануардың бұл түрі Қазақстанның фаунасында бұрын соңды кездеспеген және бұл аумақтарда мекендегені туралы ақпарат болмаған.
Бұл ретте ғылыми әдебиеттен белгілі, көршілес Түркменстан аумағында алдыңғы азиялық барысының шамамен 100-ден астамы өмір сүретіні айтылады. 2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда алғаш рет Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері фототұзақтың көмегімен жас еркек алдыңғы азиялық барысының суретімен бөліскен болатын, сол кезде бұл нағыз зоологиялық жаңалық болатын. Ақпараттық науқан жүргізу барысында және балалар арасында шығармашылық сурет байқауын өткізу кезінде барысқа Тау Шері деген есім берілген.
Осылайша екі жылға жуық Тау Шері барысы қорық аумағында бірнеше рет фототұзыққа түсіп қалып жүретін. Алайда жаз мезгілінде көзден таса болып мүлде көрінбей кеткен еді, мамандар жабайы жануарының қорық аумағынан шығып кетуінің себебін өзінің ортасын іздеп кеткен болуы керек деп болжам жасады. Барыстың Маңғыстау жерінде мекендеуі туралы жануарлар әлемін қорғаушы мамандардың биологиялық негіздеме жасақтап, аталмыш алдыңғы азиялық барысын Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу бойынша жұмыстанды, нәтижесінде осы мәселе негізге алынып 2021 жылы Үкімет тарапынан тиісті шешімі қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстанда барыс популяциясын сақтап қалу жөніндегі арнайы іс-жоспары жасақталды.
Бірінші басымдықтардың қатарында барыстың және оның негізгі қоректенетін объектілеріне (Үстірт тау қойы мен қарақұйрық) мониторинг жүргізу, жануарлардың негізгі мекендейтін ортасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту, ықтимал қақтығыстардың алдын-алу мақсатында жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, адамдар мен жабайы жануар арасындағы болуы мүмкін қақтығыс жағдайларды болдырмау, сондай-ақ браконьерлікпен күрес, соның ішінде үлкен тұзақтарды қолдануға жол бермеу болды. 2021 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жергілікті тұрғындар өлі барысты тауып алғандығы туралы ақпарат тиісті табиғат қорғау мекемелеріне хабарлаған болатын. Өлген жануардың суреттеріне жан-жақты талдау жүргізген мамандар, өкінішке қарай, қорық аумағынан шығып кеткен Тау Шері екенін растады. Сарапшылар жануардың нақты неден өлгені туралы негізгі себебін таба алмады, алайда бұл жағдайда барыс өлерінің алдында браконьерлер тарапынан жараланған болуы мүмкін деген болжам айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина